МТРА жаңалықтары

Елімізде зейнетақының орташа мөлшері 105 мың теңгеден асты

Елімізде зейнетақының орташа мөлшері 105 мың теңгеден асты. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен мәлімдеді. Биыл мамыр айында зейнетақы төлемдерін жоғарылатуға республикалық бюджеттен 235,4 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген.
Оның 71 млрд-ынан астамы – базалық, ал 163,2 млрд теңгесі ынтымақты зейнетақыға бағытталыпты. Жалпы, ағымдағы жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша Қазақстанда зейнеткерлер саны 2 млн 200 мыңнан асады.

Самал Жунусова