МТРА жаңалықтары

Өңірде тағы үш жоба жүзеге асырылуы мүмкін

Өңірде алдағы уақытта тағы үш жоба жүзеге асырылуы мүмкін. Жоба құны 3 млрд 600 млн теңгені құрайды.
Қазақстандық қос инвестор өңірде өндіріс орнын ашпақшы. Облыстық әкімдік өкілдерінің мәліметінше нысандар келесі жылы пайда болады. Атап айтсақ, қалталы азаматтар аймақта болаттан жасалған конструкциялар өндірісін іске қосуды көздеп отыр. Сонымен қатар, алюминий металл өнімдерін шығару мен полимерлерді қайта өңдеу кәсіпорнын ашу жоспарларында бар екен. Бастамалар жүзеге асса облыста 175 жаңа жұмыс орны пайда болады.

Бердимурат Баймухан