Муайтайшылар әлем чемпионатында жүлделі орынға ие болды

Спорт

21:23 9 Маусым 2022

Солтүстікқазақстандық муайтайшылар әлем чемпионатынан олжалы оралды.
Абу-Даби қаласында өткен дүбірлі додаға өңірден аттанған үш спортшының үшеуі де күміс медальға қол жеткізді. Байрақты бәсеке мамырың 25-і мен маусымның 5-і аралығын қамтыды. Барлығы – 60-тан астам елден 700-ге жуық муайтайшы қатысыпты.

Иван Ван-Хон-Тун, муай тайдан облыс құрамасының бас жаттықтырушысы:
– Әлем чемпионатына күллі Қазақстаннан 21 спортшы барды.
Оның екеуі алтын, жетеуі күміс және біреуі қола жүлдеге ие болды. Жалпыкомандалық есепте біздің құрама 9-шы орынға табан тіреді.

Руслан Заякин – білікті муайтайшы. 23 жастағы жігіт осы спорт түрімен бала кезінен бастап айналысып жүр. Талай доданың үздігі. Абу-Дабиде 71 келі салмақ дәрежесінде күш сынастырған Руслан барлығы 4 кездесу өткізіпті. Үшеуінде жеңіп, соңғысында поляк спортшысынан ұтылып қалған.

Руслан Заякин, халықаралық дәрежедегі спорт шебері:

– Жарысқа біз жақсы дайындықпен бардық. Бірінші жекпе-жекте Өзбекстан спортшысымен күш сынастырдым. Әлем біріншілігі пандемияға байланысты тұралап қалып еді, биыл араға біраз уақыт салып қайта өткізілді. Біраз қиындықтар болды, соған қарамастан жеңіске жеттім.

Әлем чемпионатында 2-ші орынды иеленген тағы бір жерлесіміз – Шамиль Ермағамбетов. Аталған спортпен 9 жылдан бері айналысып келеді. Бұл – оның спорттық мансабындағы 6-шы әлем чемпионаты.

Шамиль Ермағамбетов, халықаралық дәрежедегі спорт шебері:

– Осы әлем чемпионатында мен финалға дейін жеттім. Соңында Бельгия елінің спортшысымен кездестім. Қарсыласым өте білікті екен. Ұтылып қалдым.
Бәсекелесім – 4 дүркін әлем чемпионы атанған жан. Келесі кездесуде одан есемді қайтарамын деп ойлаймын.

Муайтайшылар енді алдағы қыркүйек айында студенттер арасында өтетін әлем чемпионатына қатысуды жоспарлап отыр. Дайындыққа әлден кірісіп кетті. Мақсат – алтынды иелену.

Бұдан әрі оқыңыз

Петропавлда Халықаралық Олимпиада күніне орай веложарыс өтті
Жеңіліс…
Мәдениет саласы қызметкерлерінің арасында қазақ күресінен облыстық турнир өтті
“Qyzyljar” ФК УЕФА-дағы ықтимал қарсыластары белгілі болды
Назарбаев Зияткерлік мектептері арасында футзалдан спартакиада өтіп жатыр
Петропавлда жаппай жүгіруден жарыс өтті
3 ұпай қоржынға түсті
Өңір намысын абыроймен қорғаған тайыншалықтар
“Qyzyljar”-дың қарсыласы белігі болды
Кәсіпқой бокстағы жерлесіміздің кезекті жеңісі
Петропавлда грек-рим күресінен республикалық турнир өтіп жатыр
Петропавлда Халықаралық йога күні аталып өтті