МТРА жаңалықтары

Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерін өндіру көрсеткіші

2021 жылы өңірде 902,9 млрд теңгенің ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдері өндірілген. Негізгі үлес өсімдік шаруашылығына тиесілі. Былтыр шөбі шүйгін, топырағы құнарлы аққайыңдар өлкесінде 672,5 млрд теңгенің астығы, картобы мен көкөнісі өсіріліпті. Ал мал шаруашылығы өнімдері 219,9 млрд теңгеге бағаланып отыр. Ауыл шаруашылығы өнімін жалпы шығару көлемі бойынша Тайынша ауданы бірінші орында тұр. Екінші сатыға 12,1%-бен Ғ.Мүсірепов ауданы жайғасты.

Дана Ешкенова