МТРА жаңалықтары

СҚО-да 36 тонна дизель отыны құйылған ауыр жүк көлігі аударылып қалды

СҚО-да 36 тонна дизель отыны құйылған ауыр жүк көлігі аударылып қалды.
«VOLVO» көлігінің дөңгелегі сынып қалса керек, жүргізуші рөлге ие бола алмай жолдың арғы жағына түсіп кеткен.
30 жастағы ер адам Кішкенекөл ауылынан тиеп алған жүкті Нұр-Сұлтан қаласына апара жатқан. Оқиға Тайынша ауданындағы Аққұдық ауылының маңында болды.
Полиция қызметкерлерін сол маңға куәгерлер шақыртыпты. Бүк түсіп қалған жүк көлігі тиегіштің көмегімен көтерілген. Ішіндегі дизель отыны басқа машинаға құйылған.
Жолда 7 сағат бойы тұрған жүргізуші дін аман.