Спорт

“Qyzyljar” ФК УЕФА-дағы ықтимал қарсыластары белгілі болды

“Qyzyljar” ФК-ның УЕФА-дағы ықтимал қарсыластары белгілі болды. Өткен маусымда Қазақстан чемпионатында төртінші орын алған петропавлдық ұжым лигадағы өз жорығын екінші кезеңнен бастайды.

Енді жергілікті команданың ықтимал қарсыластарына тоқталайық. Жерлестеріміз азулы швейцариялық “Базель”-мен, түркиялық “Истанбул Башакшехир”, норвегиялық “Молде” сынды командалармен бір алаңда мықтыны анықтауы мүмкін. Жалпы, бұл доданың жеребе тарту, яғни, қарсыласты анықтау рәсімі маусымның 14-15-і күндері өтеді. Өкінішке қарай, биылғы ойындарды теріскейлік ұжым өз алаңында өткізе алмайды. Себебі, жергілікті стадион жарыс талаптарына сай келмейді. Осыған байланысты таяу арада стадионда жөндеу жұмыстары бастау алады.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі
– Ойындарымызды біз өзімізде өткізе алмаймыз. УЕФА-ның талаптары бар. Стадионымызды жөндеп, барлық стандарттарға сай болатындай дәрежеге жеткіземіз. Мүмкін келесі жылы клубымыз УЕФА-ға өтсе, жаңа стадионда ойнайды. Жылдың аяғына дейін осы бағытта жұмыстар атқарылмақ.

Алдияр Айтпаев