Спорт

Кәсіпқой бокстағы жерлесіміздің кезекті жеңісі

Кәсіпқой бокстағы жерлесіміздің кезекті жеңісі! Кеше Миннесота штатының Миннеаполис қаласында былғары қолғап шебері Евгений Павлов мексикалық Алексис Салидомен жұдырық түйістірді.

6 раундқа жоспарланған кездесу 2-ші раундта біздің спортшының пайдасына шешілді. Солтүстікқазақстандық қарсыласын ауыр нокаунтқа жіберді. Осылайша өзінің спорттық маңсабындағы 7-ші жеңісіне қол жеткізді. Айта кету қажет, Евгений Павлов әзірге кәсіпқой бокста жеңіліссіз келеді.

Алдияр Айтпаев