Облыстық эссе байқауының жүлдегерлері марапатталды

МТРА жаңалықтары

20:10 3 Маусым 2022

Петропавлда “Қызылжар тарихы қызықтырады” атты облыстық эссе байқауының жүлдегерлері марапатталды. Шығармашыл жандардың сайысына “Серпін” бағдарламасы бойынша солтүстікке білім қуып келген 13 студент қатысқан.

Онлайн форматта өткен конкурстың шарты қарапайым: қаламыз жайлы қалам тербеу. Қазылар алқасына қызықты деректерге толы түрлі жұмыс түсіпті. Жастардың бір бөлігі облыс орталығының тарихын жазса, енді бірі ерекше орындарға тоқталған екен. Бүгін 4 қатысушының еңбегі еленді. Қошеметке бөленгендердің бірі – Жансая Бұланбай. Бұрымдыға байқаудың 1-ші орны бұйырды.

Жансая Бұланбай, Қозыбаев университетінің студенті
– Бұл байқауға кураторымның айтуы бойынша қатыстым. Эссенің тақырыбы өте қызықты болды. Сайысқа қатысу барысында көп іздендім. Осы қаланың құрылу тарихы мен өзге де қызықты деректерді қамтуға тырыстым.

Әсел Бимаханова, СҚО мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының бас маманы
– 13 эссе келіп түсті. Оның 2-еуі Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжден жолданды. Ал қалғаны Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінен келді.

Бұдан әрі оқыңыз

МТРК жаңалықтары 09.06.2022
Облыс әкімі кино актерлерімен кездесті
Петропавлда сот қызметкерлерінің Даңқ аллеясы ашылды
Беларусь аяқ киімдерінің жәрмеңкесі
Өңірде еңгістік науқаны аяқталды
Алқаптарды химиялық өңдеу
Президент Қазақстан халқына бейнеүндеу жасады
СҚО-да 36 тонна дизель отыны құйылған ауыр жүк көлігі аударылып қалды
Мемлекеттік рәміздер – елдіктің символы
Сарбаздар ант қабылдады
Полиция департаментінде ашық есік күні өтті
Есірткіге жол жоқ