Мемлекеттік рәміздер күніне орай автошеру өтті

МТРА жаңалықтары

20:17 3 Маусым 2022

Облыс орталығында мемлекеттік рәміздер күніне орай автошеру өтті. Шараға 30-ға тарта көлік жұмылдырылды.

Еліміздің еңселі елтаңбасы, аспан түстес көк туы, айбарлы әнұраны. Осыдан тура 30 жыл бұрын егемендігін енді алған елдің өз рәміздері пайда болды. Бүгінде міне тәуелсіз Қазақстанның ұрпағы байрақты биік ұстап, әнұранды асқақтата шырқап айтулы мерекені атап өтуде.

Әуежайдан облыс орталығына бет алған көліктер көптің көңілін өзіне аудартты. Солтүстікқазақстандықтар акция қатысушыларына барынша қолдау білдірді. Жүздеріне қуаныш пен мақтаныш сезімі ұялаған жерлестеріміз қолдарын былғап, темір тұлпар тізгіндеген азаматтар көліктерін дабылдатып жатты. Жалпы, бұл патриоттық шеруді жастар ресурстық орталығы ұйымдастырып отыр.

ӘЛФАРАБИ МЫҢБАЙ, қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі
– Бүгінгі іс-шараның мақсаты – жастар арасында патриоттық сезімді ояту. Осыдан бір апта бұрын осындай ой келіп, жастарға ұсыныс тастадық. Жастар қолдап, осы акцияны өткізіп жатырмыз.
Біз бұл іс-шараны жылда өткіземіз. Жылда бір көшемен ғана жүріп өтетінбіз. Биыл шаһардың орталық көшелерінің бәрін қамтыдық.

Бүгін байрақты биікке көтерген жастар Қожаберген жырау, Жамбыл Жабаев пен Гашек және Назарбаев, Жұмабаев көшелерімен жүріп өтті.

Алдияр Айтпаев

Бұдан әрі оқыңыз

Петропавлда Мағжан туралы телесериалдың түсірілімі бастау алды
Маусым айына арналған ауа райы болжамы
Балалар жылы аясындағы профилактикалық шаралар
Ғ.Мүсірепов ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы
Референдум – 2022
МТРК жаңалықтары 14.06.2022
Облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері елордаға экскурсиямен барып келді
Сала ардагерлері естеліктерімен бөлісті
Тергеу изоляторына экскурсия ұйымдастырылды
Өңір өндірісі
Өңірде еңгістік науқаны аяқталды
«Контрафакт» акциясы аясында өткен сурет байқауы қорытындыланды