Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында облыстық спартакиада бастау алды

МТРА жаңалықтары

20:07 3 Маусым 2022

Петропавлда мүмкіндігі шектеулі жандар арасында облыстық «Үміт» спартакиадасы бастау алды. Жеңіл атлетика, пауэрлифтинг, қол күресі, үстел теннисі, шахмат және дойбы. 400-ге тарта қатысушының басын қосқан сайыс спорттың 9 түрі бойынша өтіп жатыр.

Вячеслав Латышев, жарыстың бас төрешісі

-«Жарыс есту, көру мүшелері және тірек-қимыл аппараты зақымданған жандар арасында 3 санат бойынша өтіп жатыр. Жас ерекшелігіне байланысты шектеу жоқ. Бұл жарыста әр адам өз бағын сынай алады. Мақсат – мүмкіндігі шектеулі жандарды спортқа тарту».

Сонымен сайыс басталып кетті. Ең бірінші болып жарыс жолына жеңіл атлеттер шықты. 200 метрге жүгіргендердің бірі – Светлана Мельник. Тимирязев ауданының өкілі мәре сызығын екінші болып кесті.

Светлана Мельник, жарысқа қатысушы, Тимирязев ауданы 
– “Мен өзім бұл спорт түрімен айналысқан емеспін. Мұндай жарысқа бүгін бірінші рет қатысып тұрмын. Алған әсерім керемет. Келешекте белсенділік танытып, спортпен көбірек шұғылданамын”.

Жарысқа қатысушылардың бірі жүгіруден сайысқа түсіп жатса, екіншілері білек күшін байқап көруде. Ал мына жерде спортшылар ядро лақтырудан сынға түсуде.

Мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында теннисшілер де бар. Солардың бірі – Нұргүл Құрманғалиева.

Нұргүл Құрманғалиева, жарысқа қатысушы, Қызылжар ауданы

-“Мен бұл жарысқа бірінші рет келіп отырмын. Мақсатым – бірінші орын алу. Бұл жарыс туралы көршім айтқан болатын, мен қуана келістім. Ризамын шақырғандарына”.

Теннистің өту барысын Елена Мазуренко мұқият қарап тұр. Ол – мүгедектер арасында өткен Азия чемпионатының қатысушысы. Бүгін жарысқа төрелік етуде және өзі де бақ сынайды.

Елена Мазуренко, төреші

– “Осы сайыстың қорытындысы бойынша қатысушыларды іріктеп жеке топ құрамыз. Құрылған құрама алдағы уақытта түрлі республикалық деңгейдегі жарыстарға қатысып, облыс намысын қорғайды”.

Облыстық спартакиада екі күн бойы өтеді. Ертең арбада отырған жандар қашықтыққа жарысады және қол күрестіреді.

Ұлан Ыдырыс

Бұдан әрі оқыңыз

Биыл облыста балалардың терезеден құлау фактісі тіркелген жоқ
Референдум – 2022
Өңірге «AT TRAVEL» ат клубы экспедициямен келді
Кітапхана қоры 300 туындымен толығады
Референдумға солтүстікқазақстандықтар белсенді қатысып жатыр
Петропавлда бір күнде екі бірдей жол-көлік оқиғасы тіркелді
3 жылда аяққа нық тұрған тайыншалық кәсіпкер
Орман алқаптарында минералды жолақтар жыртылуда
Қаңғырған мал айып тұрағына қамалды
Елімізде зейнетақының орташа мөлшері 105 мың теңгеден асты
Екінші республика. Жаңа саяси модельге көшу
Беларусь аяқ киімдерінің жәрмеңкесі жаңа топтамамен толықты