МТРА жаңалықтары

Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті

Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиында 4 мәселе қаралды. Соның ең негізгісі қызметтік құзыреттілікті асыра пайдалану мен сыбайлас жемқорлыққа қатысты.
Бұл жөнінде Уәлиханов ауданының мамандары баяндама жасады. Аталған ауданда қызметтік көлікті жұмысынан тыс уақытта пайдаланудың бірнеше фактісі тіркеліп отыр. Ал Мағжан Жұмабаев ауданында мемлекеттік қызметте жұмыс істейтін көлік жүргізушісі масаң күйде ұсталды. Кеңес мүшелері мамандардың жұмысына көңілдері толмайтындығын айтып, бірқатар ұсыныс білдірді.

Алдияр Айтпаев