6637 әскери бөлімінде ашық есік күні өтті

МТРА жаңалықтары

22:38 1 Маусым 2022

Әке жолын қуып әскери адам боламын. Бүгін 6637 әскери бөлімінде ашық есік күні өтті. Мерекеге орай ұйымдастырылған шараға аталған мекемеде қызмет атқаратын мамандардың жарлары мен балалары қатысты.

Шақыртылған кішкентай меймандарға арнайы техника мен түрлі қару-жарақ таныстырылды. Жеткіншектер тапанша мен мылтықтарды ұстап көріп, әскери көлікке мінді.

Бұл – қоян-қолтық ұрысы. Арнайы көрсетілімді жеткіншектер қызыға тамашалап тұр.

Кейіннен балалар өзара сайысқа түсті. Бүгін олар үшін қызметте жүрген ата-аналары бірнеше қызықты жарыс ұйымдастырған. Ерекше форматта өтіп жатқан ашық есік күні шарасына 50-ге тарта ұл-қыз қатысуда.

БЛИЦ:
– Бәрі жақсы өтіп жатыр. Маған өте қатты ұнады.
– Бүгін ағамның жұмысына келдім. Әскери техникалар мен мылтықтар қатты ұнады. Өскенде мен де әскери адам болғым келеді.
– Папамның жұмысында барлығы ұнады. Өте қызықты ойындар болды.

Іс-шара барысында балаларға концерттік бағдарлама да ұсынылды. Өнерімен көзге түсіп, ән айтып, би билеген өнерпаздарға тәттілер үлестірілді. Айта кету қажет, әскери бөлімде балаларға арналып мұндай жиындар жиі өткізіліп тұрады.

Алдияр Айтпаев

Бұдан әрі оқыңыз

Петропавл тұрғыны мүгедектер арбасынан хэндбайк жасады
Сауықтыру лагеріне қойылатын талаптар
СҚО-да 5 айда 26 көлік апаты болды
Есірткі бизнесіне қарсы күрес
Орман алқаптарында минералды жолақтар жыртылуда
«Балаларды қорғау күні» акциясы
Баспана – бас қайғы
Беларусь аяқ киімдерінің жәрмеңкесі жаңа топтамамен толықты
Петропавл қаласының әкімі отставкаға кетті
“Стоп ДТП” шарасының қорытындысы
СҚО-да 5 айда жолда 27 жаяу жүргінші зардап шекті
Референдум – елдегі саяси мәдениеттің дамуының белгісі