МТРА жаңалықтары

Облыстық көпбейінді балалар ауруханасында ашық есік күні өтті

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай облыстық көпбейінді балалар ауруханасында ашық есік күні өтті. Шара барысында тұрғындар денсаулық сақтау саласына қатысты арыз-шағымдарын, өтініштерін білдірді. Азаматтарды мекеме басшылығы қабылдады. Келушілердің қатары көп болған жоқ, қойылған сауалдар да сирек. Ашық есік күні балалар ауруханасында алғаш рет ұйымдастырылды.

Нұрлан Жақыпов, облыстық көпбейінді балалар ауруханасының директоры:
– Біз ата-аналармен кездесіп, сұрақтарына жауап беруге әрқашан дайынбыз. Алдағы уақытта ашық есік күні өз жалғасын табады. Азаматтармен 3 айда немесе 6 айда бір рет кездесуді жөн көріп отырмыз. Қордаланып қалған мәселелер қаралады. Жиын сұрақ-жауап форматында өтеді.

Алдияр Айтпаев