МТРА жаңалықтары

“Жас құтқарушы” облыстық сайысы өткізілді

Петропавлда мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында “Жас құтқарушы” облыстық сайысы өтті. Жарысқа жергілікті және бірнеше ауданнан келген жасөспірімдер қатысты. Дәстүрлі шараның ашылу салтанатында ән-жырдан шашу шашылды.

Балаларға төтенше жағдай кезінде не істеу қажеттігін үйрететін сайыс бірнеше кезеңнен тұрады. Оны бейінді департамент мамандары алдағы мерекеге орай ұйымдастырыпты.

ӘСЕЛ СҮЙІНДІКОВА – СҚО ТЖД аға инженері
–  Халықаралық балалар күніне орай ТЖД “Жас құтқарушы” облыстық сайысын өткізуде. 9 команда қатысуда. Жарыс 5 кезеңнен тұрады. Кубок болады. Балаларға гаджеттер сыйлаймыз.

Сайыстың алғашқы кезеңі – команданы таныстыру. Бұған Уәлиханов ауданының ұл-қыздары ерекше дайындалып келіпті.

Екінші кезеңде қатысушылардың өнерлері емес, шапшаңдық, шыдамдылық қасиеттері сыналады. Мұнда балалардың әрқайсысы өзіне жүктелген тапсырманы орындайды. Бірі жүгіреді, екіншілері зембіл тасиды, ал үшіншісі өрт сөндірушінің киімін киеді. Кім жылдам, сол жеңеді.

ДАНИЯЛ ТҰРҒЫНОВ – сайысқа қатысушы, Есіл ауданы
– Мен өрт сөндірушінің киімін 40 секундта киемін. Киім ауыр емес, жеңіл. Командам спортқа жақын балалардан құралған. Жеңіске жетеміз деп ойлаймын.

Жалпы, “Жас құтқарушы” облыстық сайысы 100-ге тарта жастың басын біріктірді.

Байболат Култанов