Петропавлда жаппай жүгіруден жарыс өтті

Спорт

22:02 30 Мамыр 2022

Гүлден Симбаева:
Петропавлда жаппай жүгіру шарасы өтіп жатыр. Күннің ыстығына қарамастан қалалық әкімдіктің алдына жиналған жұртшылықтың қатары аз емес. Бірер сәттен соң спортсүйер жандар жарыс жолына жүгіріп кетпек.

Спортшылар денелерін қыздырып, жарыс жолына шығуға дайындалып жатыр. 35 жастағы Татьяна Урикон баласымен бірге жүгіреді. Нәзікжандының айтуынша бұл оның бірінші жарысы емес. Оған дейін де өзге елдерде өткен марафондарға қатысқан. Бір сөзбен айтқанда, жүгіру десе ішер асын жерге қоюға әзір.

Татьяна ОРИХОН- жарысқа қатысушы
– План 171. 00:20 ауд. Спортпен белсенді түрде айналысамын. Өткен демалыс күндері Омбыда болған Бүкілресейлік марафонға қатысып келдім. Онда петропавлдықтар да болды. Мінекей, енді өзімізде өтіп жатқан жаппай жүгіруге баламмен бірге келдім. Негізі, әр адам салауатты өмір салтын ұстануға ұмтылуы қажет.

Старттық тапанша атылғаннан кейін қала тұрғындары көшелермен жүгіріп кетті. Барлығы – 100-ден астам адам. Спортқа жақын ересектер де, жеткіншектер де – барлығы осында. Жарысқа қатысушылар 4 көшені бойлап 3 шақырымға жуық қашықтықты еңсеруі қажет. Жүйріктері бұл аралықты 10 минутта бағындырды.

БЛИЦ
–  Бұл – менің бірінші жарысым. Есте қалатыны сөзсіз. Енді алдағы жарыстарға да белсенді қатысамын.
–  Бәрі керемет өтті, шаршап қалғаным болмаса. Негізі, спортқа жақын емеспін. Маған мұндай қашықтықты еңсеру қиынға соқты.

Жүгірушілердің көбі 10 минутқа жеткізбей келді. Шара соңында қатысушылардың барлығына тиісті сертификаттар табысталды.

Гүлден Симбаева

 

Бұдан әрі оқыңыз

Назарбаев Зияткерлік мектептері арасында футзалдан спартакиада өтіп жатыр
3 ұпай қоржынға түсті
Жергілікті НЗМ-де спартакиада өтті
Петропавлда грек-рим күресінен республикалық турнир өтіп жатыр
Мәдениет саласы қызметкерлерінің арасында қазақ күресінен облыстық турнир өтті
“Qyzyljar” ФК УЕФА-дағы ықтимал қарсыластары белгілі болды
Петропавлда Халықаралық йога күні аталып өтті
“Qyzyljar”-дың қарсыласы белігі болды
Өңір намысын абыроймен қорғаған тайыншалықтар
Муайтайшылар әлем чемпионатында жүлделі орынға ие болды
Жергілікті алаңдағы жеңіс
Кәсіпқой бокстағы жерлесіміздің кезекті жеңісі