Ғ.Мүсірепов ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы

МТРА жаңалықтары

22:21 30 Мамыр 2022

Ғ.Мүсірепов ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингіде аудан әкімі Серік Мұхамедиев осы жөнінде есеп берді. Айтуынша биыл бюджет көлемі өскен, жалақы көтерілген.

СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ, Ғ.Мүсірепов ауданының әкімі:
– Биылғы сәуір айына аудан бойынша жалпы еңбекақы 180 мың теңгені құрады, сонымен 31,2 пайызға өсті. Биыл 2115 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда.
Экономиканың дамуына салық түсімдерінің өсуі ықпал етеді. Былтыр аудан қазынасына 1,4 млрд теңге салық түсті. Биыл 1,6 млрд теңге жоспарлануда. Аудан бюджеті биыл 999, 5 млн теңгеге өсті былтырғы жылмен салыстырғанда 1,8 процентке.

Ғ.Мүсірепов ауданының тұрғындарын алаңдататын мәселелер баршылық. Соның бірі әдеттегідей жолға қатысты. Ұзындығы 60 шақырымды құрайтын Западное мен Ломоносовка елді мекендерінің аралығындағы жолдың жағдайы ауылдағы ағайынды әбден мезі қылған. Тұрғындар төте жолмен жүруге мәжбүр.

 СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ, Ғ.Мүсірепов ауданының әкімі:
– Аталған аралық республикалық маңызға ие. Сол себепті, республикалық құрылымдар арқылы жөнделуі тиіс. Біз өз кезегімізде осы жолға назар аударсаңыздар деп министрлікке хат жолдаған болатынбыз. Тіпті, өткен жылы жергілікті аграрилермен бірлесіп жолдың жартысына қиыршық тас төседік.

Келесі мәселе интернетке қатысты. Бүгінде Ғ.Мүсірепов ауданында барлығы – 63 елді мекен бар. Оның 20-сының тұрғындары 21-ші ғасырда әлі күнге дейін сапалы интернетке қол жеткізе алмай отыр.

 СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ, Ғ.Мүсірепов ауданының әкімі:
–  Қазіргі таңда бізде 100 пайыз білім беру мекемелері мен денсаулық сақтау объектілері интернетпен қамтамасыз етілген. Бірақ, кей ауылдарда интернет жоқ. Қазір бұл мәселені шешу үшін “Қазақтелеком” АҚ-мен келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Ауданда елді мекендерді сапалы ауызсумен қамту бойынша жұмыс жоспарлы түрде жүргізіліп жатыр. 43 елді мекен орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген.
Серік Мұхамадиев қалғанын қамту мақсатында 2025 жылға дейін жүзеге асырылатын арнайы жобалар әзірленіп жатыр деді.
Сондай-ақ, ауданда өткен жылы 16 мың шаршы метрден астам тұрғын үй қолданысқа тапсырылған. Биыл 22 мың шаршы метр баспана салу жоспарланып отыр. Тағы “Еңбек” бағдарламасы бойынша жұмыс күші басым өңірлерден көшіп келетін азаматтар үшін 48 үй сатып алыныпты.

Дана Ешкенова

Бұдан әрі оқыңыз

“Арман” орталығының ұл-қыздары Балаларды қорғау күнін атап өтті
Бескөлде ерекше заман игілігі пайда болды
Шетелдік қонақтар «Alageum Electric» зауытындағы өнімдермен танысты
«Балаларды қорғау күні» акциясы
Жол сапасы бақылауда
МТРК жаңалықтары 16.06.2022
МТРК жаңалықтары 14.06.2022
СҚО-да 150-ден астам бала қант диабетіне шалдыққан
СҚО-да 5 айда жолда 27 жаяу жүргінші зардап шекті
Полиция қызметкерлері мотоклуб мүшелерімен кездесті
Елімізде зейнетақының орташа мөлшері 105 мың теңгеден асты
Петропавлда бір күнде екі бірдей жол-көлік оқиғасы тіркелді