Мүмкіндігі шектеулі болса да шығармашылығы шексіз жандар

МТРА жаңалықтары

23:17 27 Мамыр 2022

Мүмкіндігі шектеулі болса да шығармашылығы шексіз жандар. Бүгін облыстық “Алтын қауырсын” байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды.

Дәстүрлі жазушылар сайысына биыл 11 солтүстікқазақстандық қатысқан. Олар поэзия және проза жанрларында сынға түсті.

17 жастағы Антанина Олефир бүгінгі сайыста топ жарды. Бұрымдының проза жанрында жазған әңгімесі ұйымдастырушылардың көңілінен шыққан екен. Оның таңдаған тақырыбы кез келген жанға ой салады. Еңбекке шығармашыл жас “Өмірдің сыйы” атты атау беріпті.

АНТАНИНА ОЛЕФИР, “Арман” Петропавл әлеуметтік қызмет көрсету балалар орталығының тәрбиеленушісі:
– Өмірдің сыйын әр адам әртүрлі түсінеді. Біреу үшін ол материалдық жағдай болуы мүмкін. Ал мен үшін менің өмірім – маған берілген үлкен сый. Өзіме фантастикалық жанрда жазған ұнайды. Үнемі ізденістемін. Өзге авторлардың туындыларын оқып, тәжірибе жинақтаймын.

Сайысқа тағдырдың сынына ұшыраған орта буын өкілдері де қатысты. Солардың бірі – Әсемгүл Жалтұрова. Нәзікжанды поэзия жанрында қалам тербеп, жүлделі үшінші орынға ие болды. Жиын барысында ақын “Ана” деп аталатын туындысын жиналған қауымға оқып та берді.

Интершум:749/1-02

Әсемгүл Жалтұрова 9 жасынан бастап қалам тербейді. Бүгінгі таңда оның шығармашылдық қорында 30-ға тарта туынды бар. Ақын өз өлеңдер жинағын да шығарып үлгеріпті.

ӘСЕМГҮЛ ЖАЛТҰРОВА, қала тұрғыны:
–  Мүмкіндігіміз шектеулі болғанымен ойымызды, өнерімізді шектемей, үнемі дамытамыз. Осындай сайыстардың өткізілетіндігі қуантады. Біз мұнда бір-бірімізбен сөйлесіп, шеберлігімізді шындауға мүмкіндік аламыз. Бұл жарысқа бірнеше туындымды жібердім. Ұйымдастырушыларға үлкен рахмет!

Жарысқа қатысқан 11 қатысушы да назарсыз қалмады. Барлығына дипломдар беріліп, бағалы сыйлықтар табысталды.

Алдияр Айтпаев

Бұдан әрі оқыңыз

Судың сапасына көңіл толады
Петропавл қаласының әкімі отставкаға кетті
Самал Есләмова референдумға қатысты
Екінші республика. Жаңа саяси модельге көшу
Биыл облыста балалардың терезеден құлау фактісі тіркелген жоқ
МТРК жаңалықтары 14.06.2022
Мемлекеттік қызметкерлерді құттықтау
Қаладағы №588 сайлау учаскесіне 2 жарым мың тұрғын тіркелген
МТРК жаңалықтары 06.06.2022
МТРК жаңалықтары 13.06.2022
СҚО-да ата-аналық міндетті орындамаудың 400-ден астам фактісі тіркелді
МТРК жаңалықтары 03.06.2022