Референдум: түсіндіру жұмысы

МТРА жаңалықтары

22:55 26 Мамыр 2022

Өңірге жұмыс сапарымен келген Парламент Мәжілісінің депутаттары облыстық кәсіподақтар орталығында болды.

Жиын барысында халық қалаулылары Ата заңға енгізілетін негізгі өзгерістерді жіпке тізіп, әрқайсысына жеке-жеке тоқталып өтті. Орын алатын жаңашылдықтың бірі – Президенттің құзыреттілігі азайып, Парланметтің рөлі күшейеді. Атап айтқанда, еліміз суперпрезиденттік модельден түпкілікті бас тартпақ.

МАГЕРРАМ МАГЕРРАМОВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Жалпы, Ата заңның 33 бабына 56 өзгеріс пен толықтыру енгізіледі. Сондай-ақ, адам құқықтары бойынша “Коституциялық сот” және “Адам құқықтары бойынша уәкілетті орган” деген екі жаңа бап пайда болмақ. Жер толығымен халық меншігіне өтеді.

Елордадан ат терлетіп келкен депутаттардың бірі – АМИРХАНЯН АВЕТИК. Халық қалаулысы жиын барысында сөз алып, жалпыхалықтық референдумның маңыздылығын тілге тиек етті.

АМИРХАНЯН АВЕТИК, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
– Біз барлық өңірлерді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жүрміз.
Қуантатыны, халықтың белсенділігі жоғары, өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдіріп, сұрақ қойып, ұсыныстарын айтып жатыр. Оның барлығы міндетті түрде ескеріледі. Себебі, бұл маңызды саяси іс-шара халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында өткізіліп жатыр. Біз “Халық үніне құлақ асатын мемлекет ” қалыптастыруымыз қажет.

Мәжіліс депутаттары өңірімізде маусымның 3-іне дейін болмақ. Ел тағдырына бейжай қарамайтын әрбір адам маусымның 5-інде маңызды науқанға ат салысып, өз таңдауын жасауы қажет.

Дана Ешкенова

Бұдан әрі оқыңыз

«Балаларды қорғау күні» акциясы
Қызылжар ауданында 4 бірдей заңсыз қоқыс үйіндісі табылды
МТРК жаңалықтары 10.06.2022
Облыстық эссе байқауының жүлдегерлері марапатталды
Премьер-министр Имантау-Шалқар курорттық аймағын дамытуды тапсырды
622-сайлау учаскесінде 2 мыңнан астам адам дауыс бермек
Шал ақын ауданында алдағы уақытта 4 ірі инвестжоба іске асырылады
Облыс әкімі кино актерлерімен кездесті
Өңір мұғалімдері бас қосты
Аға буын өкілдері балаларға қуаныш сыйлады
“Стоп ДТП” шарасының қорытындысы
Меңкесерде демалыңыз!