МТРА жаңалықтары

СҚО-да жұмыс істеуге 600-ден астам мигрант рұқсат сұраған

СҚО-да жыл басынан бері  мамандарға  өңірде жұмыс істегісі келген 600-ден астам мигрант жүгінген. Олардың 60-қа жуығы – қыз-келіншектер.
Нәзікжандылар үй күтушісі мен аспаз болуға ниет білдіріпті. Облысқа жұмыс іздеп келгендердің дені – Өзбекстан, Тәжікстан мен Әзірбайжан елдерінің азаматтары.
Жалпы, өңірде биыл шетелдік азаматтардың жұмыс істеуіне қатысты 277 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін 15 адам жауапкершілікке тартылды.

Алдияр Айтпаев