Ғ.Мүсірепов ауданында бір үйір жылқы ұрлығы ашылды

МТРА жаңалықтары

22:15 25 Мамыр 2022

Ғабит Мүсірепов ауданының полицейлері бір үйір жылқы ұрлығын ашты.

Сәуір айында аталған аудан тұрғынының жайылымда жүрген 13 жылқысы жоғалған. Олардың жалпы құны шамамен 10 млн теңгені құрайды. Азамат тәртіп сақшыларына бірден жүгінбепті. Бастапқыда ой-қырды аралап, тұяқтыларды өзі іздеген екен. Таппаған соң мамандарға хабарласады. Полицейлер жазылған арыздан кейін бұрын сотты болған жандарды тексереді. Араға көп уақыт салмай істің беті ашылады. Барымташы жылқыларды Қостанай облысына жеткізіп, төмен бағамен сауда шығарған.

ГРИГОРИЙ КИРИЧОК, Ғ.Мүсірепов ауданының тұрғыны:

-Жылқыларым ауыл сыртында жүрді. Соңғы рет наурыз айында барып көріп қайттым. Сәуірде барсам із-түссіз жоқ. Өзім таба алмаған соң аудандық полиция бөліміне жүгіндім. Мамандар жоғымды тауып берді.

Ұрлық жасады деген күдікпен бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған 30 жастағы солтүстікқазақстандық ұсталды. Біреудің малына көз алартқан барымташы енді 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Руслан Назаров, СҚО ПД бастығының орынбасары:

-Ұрланған жылқылар иесіне қайтарылды. Қазіргі уақытта қылмыстық істі тергеу жалғасуда. Нәтижесі белгілі болғаннан кейін процессуалдық шешім қабылданады.

Жалпы, жыл басынан бері өңірде мал ұрлығының 8 фактісі тіркелді. Олардың барлығының беті ашылды.

Алдияр Айтпаев

Бұдан әрі оқыңыз

Петропавлда алаяқтар бір күнде 12 адамға телефон шалған
МТРК жаңалықтары 21.06.2022
Мемлекеттік рәміздер – елдіктің символы
Ауылшаруашылық жобаларды қаржыландыру
Айыртау ауданының даму барысы
Салық заңнамасындағы негізгі өзгерістер туралы
Өңір мұғалімдері бас қосты
Беларусь аяқ киімдерінің жәрмеңкесі жаңа топтамамен толықты
Облыс әкімі кино актерлерімен кездесті
Өңір өндірісі
Петропавлда запастағы әскерилер арасында оқу-жаттығу жиыны өтті
Аға буын өкілдері балаларға қуаныш сыйлады