Солтүстікқазақстандық диқандар алқаптың 40 пайыздан астамына тұқым септі

МТРА жаңалықтары

23:39 24 Мамыр 2022

Солтүстікқазақстандық аграрийлер 40%-дан астам жерге тұқым сеуіп үлгерді. Диқандар 13-ші мамырдан бері – майлы, ал 17-сінен бері дәнді дақылтарды егіп жатыр. Биыл өңірдегі егістік алқаптарының жалпы аумағы 4 млн 300 мың га-ды құрайды. Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Мейрам Меңдібаев өткен жылдағы қуаңшылық қайталана ма деп секем алып отырмыз дейді. Айтуынша қыста қар аз түсіп, ал көктем мезгілінде кейбір аудандарға жаңбыр суы дұрыс тимеген көрінеді.

Мейрам Меңдібаев, СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы:

– Облыста жаңбыр шамалы. Жерде ылғалдылық аз. Жауын-шашын көлемі Қызылжар, Мамлют, Есіл мен Аққайың аудандарында көп.

Жауын-шашын мөлшері аз болса да құрғақшылыққа қарамай мол өнім алуға болады екен. Ол үшін минералды тыңайтқыш сеуіп, топырақты дұрыс құнарландыру керек.

Мейрам Меңдібаев, СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы:

– Жылда минералды тыңайтқыш көбейіп жатыр. Өткен жылы 160 мың тонна болса, биыл 170 мың тоннаны енгізбекшіміз. Көктемгі жұмыстарға техникалар 100 пайыз жұмылдырылған.

Сонымен қатар, диқандар 3 млн 300 мың гектар жерды арам шөптен тазартпақшы. Жалпы, аграрийлер қажетті тұқым көлемімен толық қамтамасыз етілген. Егіс науқанына 13 мыңға жуық трактор, 15 мың астық сепкіш пен 1400 жоғары өнімді егіс кешені жұмылдырылған. Көктемгі дала жұмыстары 5 маусымға дейін аяқталмақ.

Бердимурат Баймухан

Бұдан әрі оқыңыз

Жаңа жоба – «АНК kids» лагері
Алаяқтықтың тағы бір түрі пайда болды
Облыс әкімі жұмыс сапарымен Мамлют ауданында болды
СҚО-да жыл басынан бері 100-ден астам есірткі қылмысы анықталды
Мемлекеттік қолдаудың көмегімен кәсібін кеңейтті
“Есірткісіз қала” акциясы
Облыстық қоғамдық кеңес отырысы
Мас жүргізушілер ұсталды
Ономастика мәселесіне арналған алқа отырысы
«Шұғыл шақырту» бағдарламасы 04.06.2022
Болашақтың полицейі қандай болуы тиіс?Болашақтың полицейі қандай болуы тиіс?
5 мыңға жуық петропавлдық көлік салығын төлемеген