Солтүстік Қазақстан облысында жаңа кірпіш зауыты ашылды

Аптадағы маңызды жаңалықтар

23:46 24 Мамыр 2022

Бердімұрат Баймұқан, тілші:

– Бүгін Солтүстік Қазақстан облысында жаңа кірпіш зауыты ашылды. Мұнда алдағы уақытта айына 4 млн данаға жуық қыш шығарылады. Кәсіпорын басшыларының айтуынша зауыт аймақтағы құрылысшылардың 30 пайызын қажетті материалмен қамтуға қауқарлы.

Зауытты салуға 1,8 млрд теңге жеке инвестиция бағытталған. Қызметкерлер үй тұрғызуға арналған кірпіш күйдіріп жатыр. Құрылыс материалдары өзімізде өндірілгендіктен бағасы да нарықтағыдан 10-16 теңгеге арзан болмақ.

ГАРИК БЕРНЕЦЯН, «Кірпіш СК» ЖШС құрылтайшысы:

 – Зауыт Қызылжар ауданындағы Подгорное ауылының маңына салынған. Сол себепті, шикізат алатын карьер де дәл қасымызда орналасқан. Яғни, 500 метр жерде ғана. Бір кірпішті біз 107-110 теңгенің аралығында сатамыз. Қызығушылық танытқандардың қатары өте көп.

Қазір мұнда 1 желі ғана жұмыс істеп тұр. Үстіміздегі жылы екіншісі іске қосылмақ. Сонда қуаттылық айына 9 млн данаға дейін жетеді дейді «Кірпіш СК» серіктестігінің құрылтайшысы Гарик Бернецян. Жаңа кәсіпорынның жұмысымен облыс әкімі Құмар Ақсақалов келіп танысты. Аймақ басшысы отандық өнімнің сапасын бағамдап, кәсіпорынның қауқарымен танысты.

Құмар Ақсақалов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Бұл зауыттың қуаттылығы – жылына 40 млн кірпіш. Облыстағы қажеттілік – 100 млн кірпіш.

Жалпы, облыста кірпішке деген сұраныс жылына 100 млн дананы құрайды екен. Жаңа ашылған зауыт болса 1 жылда 40 млн дана қыш өндіре алады. Сондай-ақ, күзге дейін мұнда 80-ге жуық адам жұмыспен қамтылады. Ал екінші желі іске қосылған соң келесі жылға дейін тағы 80 солтүстікқазақстандық екі қолға бір күрек табады. Әр қызметкерге 250 мың теңгеден аса жалақы төленеді.

Бердимурат Баймухан 

Бұдан әрі оқыңыз

Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы
Референдумға атсалысқан солтүстікқазақстандық белсенділер марапатталды
Облыс әкімі ГФР-дың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісімен кездесті
Петропавлда құс фабрикасының құрылысы басталды
Медицина қызметкерлері күні
Облыс әкімі жұмыс сапарымен Ғ.Мүсірепов ауданында болды
Үкімет отырысы
Облыс әкімі “CLAAS” зауытының өкілдерімен кездесті
Облыс әкімі құрылыс алаңдарында болды