МТРА жаңалықтары

СҚО-да чипсы тиелген фура аударылып қалды

СҚО-да 5 тонна чипсы тиелген фура аударылып қалды. Оқиға Қызылжар ауданындағы Кондратовка ауылының маңында болды.

Рөлде 43 жастағы ер адам отырған. Көлік жүргізушісі Новосібір қаласынан Қостанайға қарай кетіп бара жатқан. Машина қозғалтқышынан ақау шығып аударылып қалған. Жүргізушінің өзі аман, 5 тонна жүгіне де зақым келген жоқ. «Челябі-Новосібір» автожолында көлігі бүк түскен күйі 5 сағат тұрған жолаушыға патрульдік полиция қызметкерлері көмекке келген.