МТРА жаңалықтары

СҚО-да соңғы 4 айда балалардың қатысуымен 4 жол-көлік оқиғасы болды

СҚО-да соңғы 4 айда 64 жол-көлік оқиғасы тіркелді. 14 адам қаза тауып, 92 адам жарақат алды. 64 жол-көлік оқиғасының төртеуі балалардың қатысуымен болған. Салдарынан 5 бала зардап шекті.
Өткен жексенбіде жасөпірімдердің қатысуымен тағы 2 оқыс оқиға тіркелді. Екі жағдайда да балалар велосипедпен келе жатқан. Осындай апаттардың алдын алу мақсатында полицейлер қалалық мектептердің бірінде бастауыш сынып оқушыларына бейнесабақ өткізді. Балаларға велосипедпен жүру кезіндегі негізгі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.

БАЯН БАЙҒАСКИНА, СҚО ПД ЖПҚБ аға инспекторы:
 – Жаз мезгілінің басталуымен балалар велосипед, самокад және басқа да қаупі жоғары көлік құралдарын пайдаланады. Сонымен қатар, тәжірибе көрсеткендей, балалар жол қозғалысы ережелерінің негізгі талаптарын елемейді немесе білмейді. Осыған байланысты облыс орталығында “Назар аударыңыз, балалар!” акциясы жүргізіліп жатыр.

Самал Жунусова