ТЖ

Өзен-көлдердегі қауіпсіздік шаралары түсіндірілді

Облыстық ТЖД мамандары Петропавл мектептерінің директорларымен кездесу өткізді. Жиын барысында құтқарушылар жазғы демалыста балалардың
өзен-көлдердегі қауіпсіздігі жайлы баяндады.

Суға түсу маусымы әлі басталған жоқ. Бірақ, сақтықта қорлық жоқ демекші, төтенше жағдайлар департаментінің мамандары оқыс оқиғаларды болдырмау мақсатында арнайы іс-шараларды бастап кетті. Қазіргі таңда сала өкілдері облыстық білім беру басқармасымен тығыз байланыста. Олар мектептерге барып, оқушылармен кездесулер өткізіп, су айындарындағы қауіпсіздік шараларын түсіндіріп жүр. Ережелер қарапайым, бастысы – құлақ асу.

ҚУАТ МАХМЕТОВ, СҚО ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері:

 

– Балалардың жазғы демалысындағы қауіпсіздігіне аса мән беру қажет. Осыған орай біздің департамент әр түрлі іс-шаралар ұйымдастыруда. Жыл басынан 36 мыңнан астам жадынама қағазы таратылды. Рейдтік іс-шаралар жүруде. Бұл шараларға құтқарушылардан бөлек жергілікті атқарушы органдар қатысуда. 01:27 Және білім беру басқармасымен бірге жазғы демалыстардағы рейдтік іс-шаралар құрастырылып, бекітілді.

Өткен жылғы шомылу маусымында 22 адам суға кетіпті. Оның 6-уы – ата-ана қарауынсыз су жағалаған балалар. Қайғылы оқиғалардың көбі белгіленбеген жерлерде тіркелген екен. Осы ретте айта кетейік, облыс аумағында шомылуға рұқсат етілген 58 су айдыны бар. Оның екеуі Петропавлдың маңында орналасқан.

Дана Ешкенова