МТРА жаңалықтары

Қазақстанда маска тағу режимі қайтарылуы мүмкін бе?

Қазақстанның 12 өңірінде “стелс-омикрон” штамы анықталды.

Бұл штамды адамдар “дельтаға” қарағанда әлдеқайда жеңіл өткереді. “Алайда, оны қолда бар сынақтардың көмегімен анықтау өте қиын”,- дейді мамандар. Осы ретте ел азаматтарының арасында “Тәж вирусының жаңа түріне байланысты қайта бетперде тағуға міндеттеу жоспарда бар ма?” деген сұрақ туындауда. Сауалға қатысты денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ойын білдірді. Оның сөзінше,бүгінде маска тағу режимін енгізуге негіз жоқ. Ал келешекте шешімдер елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты қабылданбақ.

Дана Ешкенова