Sailau banner

Аптадағы маңызды жаңалықтар

Мәжіліс депутаттары «Масло-Дел» серіктестігінде болды

«Масло-Дел» серіктестігінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ерлік Тайжанов пен Дмитрий Колода. Кәсіпорында халық халаулылары ұжыммен кездесіп, алдағы референдум жайлы баян етті.

Қаламыздағы «Масло-Дел» серіктестігінде мамандар ауысыммен еңбек етеді. Сәйкесінше, қондырғылар тәулік ішінде бір сәтке де сөнбейді. Заманауи жабдықтардың арқасында былтыр кәсіпорында өндірілетін сүт көлемі 500 тоннаға жетіпті. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш тағы артпақ.

ҚАНАТ НҰРПЕЙІСОВ, «Масло-Дел» ЖШС филиалының директоры:

– Жақында серіктестікке швециялық қондырғы жеткізілді. Оны іске қосқаннан кейін өндірілетін сүт көлемі артады. Болжам бойынша алдағы уақытта тәулігіне 750-800 тонна ақ өндіретін боламыз. Көрсеткіштің ұлғайғаны бізге де, халыққа да тиімді. Зауыт көлемді арттырғандықтан келешекте тұрғындардан сатып алатын өнім көлемі де артады.

Қазір «Масло-Дел» серіктестігінде 500-ге тарта адам жұмыс істейді. Бүгін ұжым шаруаны шамамен жарты сағатқа тоқтатты. Мұнда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ерлік Тайжанов пен Дмитрий Колода келіп отыр. Халық халаулыларының басты мақсаты – кәсіпорын басшылығы мен қызметкерлеріне алдағы референдум жайлы баяндау. Атқамінерлермен кездесу өндіріс цехында өтті. Тілдесу барысында Ата заңға енгізілетін негізгі өзгерістер бастан-аяқ баян етілді. Депутаттар саяси іс-шараны отандастарымыздың бәрі бірдей білгенін, маңыздылығын түсінгенін қалайды.

ЕРЛІК ТАЙЖАНОВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Бір жерде әлі оқыған жоқ, бір жерде оқыды, бірақ түсінбейді. Жергілікті билік ұйымдастырған бүгінгі іс-шара орынды. Референдумның маңыздылығын, қажеттігін халыққа түсіндіру керек. Әлі алда біраз жұмыс бар. Біз алдағы уақытта тағы келеміз. Шалғай ауылдардың барлығын аралаймыз, түсіндіреміз.

Петропавлға дейін Парламент Мәжілісінің депутаттары 5 ауданда болып, 12 ауылдың тұрғындарымен жүздесіпті. Кездесулерде атқамінерлер ғана емес, халық та белсенділік танытқан екен.

ЕРЛІК ТАЙЖАНОВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Кеше ауылдарда болдық. Халықтан “Өлім жазасы неге жойылады?” деген сұрақ түсті. Мұны түсіндірдік. Бұған дейін мораторий болды. Енді бұл бап заң жүзінде Конституцияда шегеленеді. Тағы “Баға неге қымбаттайды?”, “Жол неге тезірек жөнделмейді?”, “Ауыз су неге тапшы?” деген сұраққар қойылды. Оның барлы шешіледі. Оған уақыт керек.

Уақыт және өзгеріс керек. Ал өзгеріс енді халықтың қолында. Қоғамға алдағы референдум арқылы жаңашылдық енгізуге болады.

ҚАНАТ НҰРПЕЙІСОВ, «Масло-Дел» ЖШС филиалының директоры:

– Депутаттар жақсы ақпараттандыру жұмысын жүргізді. Барлығын тиянақты түсіндірді. Ұжым референдумға толығымен қатысады. Өзіміз Ата заңға енгізілетін өзгерістерді қолдаймыз. Барлығымыз жаңа Қазақстанды құруға атсалысқымыз келеді.

Айта кетейік, 5-ші маусымға белгіленген референдумды өткізуге ел қазынасынан шамамен 16 жарым млрд теңге бөлініпті.

Байболат Култанов