МХҚКО-да жүргізуші куәлігіне емтихан қабылдау жұмысы жанданды

МТРА жаңалықтары

23:26 18 Мамыр 2022

Жергілікті мамандандырылған ХҚКО-да қайта жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыруға болады.

Осыдан 1 ай бұрын автодромдағы автоматтандырылған алаңның жұмысын техникалық ақауларға байланысты тоқтатуға тура келген. Салдарынан кей солтүстікқазақстандықтар емтихан тапсыру үшін Көкшетау, Нұр-Сұлтан қалаларында орналасқан орталықтарға жүгінген.

ЕВГЕНИЙ ЗУБКОВ, мамандандырылған ХҚКО бөлім басшысы:

– Біздің орталық осыдан 8 жыл бұрын ашылған болатын. Содан бері құрал-жабдықтар мүлдем жаңартылған жоқ. Соңғы жылдары жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру барысында ақаулар да жиілеп кетті. Сондықтан, біз бір ай көлемінде автодромдағы автоматтандырылған алаңды толығымен жаңасына ауыстырдық. Қажетті құрал-жабдықтардың барлығын Қарағанды қаласынан әкелдік.

Бүгіннен бастап емтихан тапсырушылардың қозғалысы GPS жүйесі арқылы бақыланады.

ЕВГЕНИЙ ЗУБКОВ, мамандандырылған ХҚКО бөлім басшысы:

 – Жаңа жабдық спутниктік бақылау арқылы жұмыс істейді. Бұл қызмет көрсету сапасын едәуір жақсартты. Емтихан тапсырушының көлікті қаншалықты ережеге сай жүргізгенін адамның қатысуынсыз, жаңа GPS жүйесі анықтайды. Іс толығымен автоматтандырылған.

Бүгін жаңаша жүйемен 30-ға жуық адам жүргізуші куәлігіне емтихан тапсырып көрді. Сыннан оның 1-уі ғана өте алды.

Дана Ешкенова

Бұдан әрі оқыңыз

Облыстық қоғамдық кеңес отырысы
Алаяқтықтың тағы бір түрі пайда болды
Мәдениет және өнер қызметкерлері құрметке бөленді
Мүгедектігі бар жандарды жұмыспен қамту
Өнеркәсіп пен құрылыс қарқыны
«Шұғыл шақырту» бағдарламасы 04.06.2022
Тұрғындар бірнеше көшенің жабылғанына наразы
“Есірткісіз қала” акциясы
“Стоп ДТП” шарасы
Мас жүргізушілер ұсталды
Майнерлер ел бюджетіне 652 млн теңге аударды
Облыстық көпбейінді балалар ауруханасында ашық есік күні өтті