МТРА жаңалықтары

Қазақстанда BATYR BEINESI коллекциялық монеталары айналымға шығады

Көзі тірі болса бүгін, яғни 18 мамыр күні дарынды композитор, танымал әнші Батырхан Шүкенов 60 жасқа толар еді. Осы датаға орай Қазақстан Ұлттық банкі Street art. BATYR BEINESI коллекциялық монеталарын айналымға шығармақ. Олар proof сапамен күмістен жасалған. Таралымы 5 мың дананы құрайды. Ескерер жайт, коллекциялық монеталар нақты құнына сай ел аумағында төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдауға және республиканың банк шоттарында аударуға, ұсақтауға және айырбастауға жатады.

Байболат Култанов