МТРА жаңалықтары

Қазақстанда 2023 жылға дейін газдың шекті бағасы белгіленді

 

Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекіту туралы бұйрыққа қол қойды. Сондай-ақ, өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлар үшін тауарлық газды өткізу үшін бағалар белгіленген. Бұйрық бүгіннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Белгіленген бағалар ағымдағы жылдың 1-ші шілдесінен бастап 2023 жылғы 30 маусымға дейінгі кезеңде қолданылады. Былтырғы заңда көрсетілген бағаларды биылғымен салыстырғанда көгілдір отынның шекті бағасы 10 облыс пен Шымкент қаласында өскен. Ал Нұр-сұлтан қаласы мен Ақмола, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында газдың құны еш өзгерізсіз қалған.

Дана Ешкенова