МТРА жаңалықтары

Қазақстан Ресеймен теміржол қатынасын кезең-кезеңімен жандандырады

Қазақстан Ресеймен теміржол қатынасын кезең-кезеңімен жандандыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы “Жолаушылар тасымалы” АҚ бас директоры Жәнібек Тайжанов хабарлады.

Жуырда “Атырау-Астрахань” рейсі қайта іске қосылды. Маусым айында тағы
7-8 бағыт қалыпқа келтірілмек. Яғни, келесі айдың 3-і күні “Қарағанды-Омбы”,
маусымның 6-сы “Алматы – Қазан”, ал 8-інен бастап “Қарағанды-Самара” бағыттары бойынша теміржол қатынасын жандандыру жоспарлануда.

Дана Ешкенова