Білім

Биыл өңірде 3 мың 387 түлек мектеп тәмамдайды

Биыл өңірде 3 мың 387 түлек мектеп тәмамдайды.

Білім саласы өкілдерінің айтуынша, биыл да ҰБТ электронды форматта өтеді.
Шешуші емтиханға өтініштерді тіркеу сәуірдің 28-і мен мамырдың 14-і аралығында жүргізілді. Ағымдағы жылы тестлеуге қатысуға 2 мың 517 түлек өтініш білдірген екен. Талапкерлер ҰБТ тапсыру күні мен уақытын өздері таңдай алады. Сондай-ақ, оқушылар маңызды емтиханды 2 рет тапсыруға құқылы. Пән саны өзгеріссіз қалады. Яғни түлектер үш міндетті және екі профильді пәннен емтихан тапсырады. Сұрақ саны – 120. Оқу сауаттылығынан – 20, Қазақстан тарихы мен математикалық сауаттылықтан 15 сұрақтан беріледі. Екі бейіндік пәннен – 35 сұрақтан. Тестілеудің жалпы уақыты 240 минутты құрайды. Ал ерекше қажеттілігі бар оқушыларға осы уақытқа тағы 40 минут қосылады.

Дана Ешкенова