МТРА жаңалықтары

ҰОС ардагері Василий Сухомлинов 100 жасқа толды

Оркестр, жүрекжарды сөздер мен нұрға толы жүздер. Мамыр айының 15-інде Ұлы Отан соғысының ардагері Василий Сухомлинов 100 жасқа толды. Қарт майдангерді үйіне мерейтойымен Ұлттық ұлан академиясының әскерилері құттықтап барды.

Василий Сухомлинов әскер қатарына 1941 жылы шақыртылған. 29-шы атқыштар полкында қатардағы жауынгер болған. Соғыста көрсеткен ерліктері үшін 2-ші дәрежелі Отан соғысы ордені, “Германияны жеңгені үшін” медалімен және “Кеңес одағының маршалы Г.К.Жуков» мерейтойлық медалімен марапатталған. Әскери академия оркестрі қарт майдангерге тарту ретінде сүйікті әндерін орындап берді. Ал содан кейін мерекелік дастархан жайып, жауынгерлік ботқа пісірді. Еске сала кетейік, бүгінде облыста 14 ҰОС ардагері мен 3 мыңнан астам тыл еңбеккері тұрады.

Данаш Хамзина