МТРА жаңалықтары

Петропавлда есірткі сату фактілері анықталды

Облыс орталығында жыл басынан бері есірткіге қатысты 45 қылмыс тіркелді. Оның 30-дан астамы нашаны сатуға қатысты. Барлығы – 18 келіден астам есірткі тәркіленіп алынды. Оның 1 келіден астамы синтетикалық болып саналады.
Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары кәмелет жасына толмағандардың арасында профилактикалық шараларды жиірек өткізуге басымдық беріп жатыр. Өйткені, жасөспірімдердің арасында да нашаны пайдалану жайттары кездескен.
Биыл облыс орталығында синтетикалық есірткі сатқан жасөспірім – 3 жылға, екіншісі марихуана сатқаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Самал Жунусова