МТРА жаңалықтары

ПЕТРОПАВЛ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫ ҚАЙТАДАН САТЫЛЫМҒА ШЫҒАРЫЛДЫ

Конкурс жарияланғанымен, әлі қызығушылық білдіргендер жоқ! Петропавл халықаралық әуежайы қайтадан сатылымға шығарылды. Нысан бұрынғыша 5 млрд 600 млн теңгеге бағаланып отыр. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы өкілдерінің айтуынша, осы күнге дейін ешбір жан сатып алуға өтініш білдірмепті. Ал аэропорт бүгінде шығынға жұмыс істеп жатыр екен.

МИРХАТ ӘБІЛМӘЖІНОВ, СҚО ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

– Конкурс мамырдың 12-сі күні өтеді. Біз ғимаратты күрделі жөндеуден өткізіп, оның жұмысын жандандыратын жеке инвестор іздеп жатырмыз. Қондырғыларды да жаңарту керек. Қазіргі күні Алматы қаласына аптасына 2 рет, ал Нұр-Сұлтанға күнделікті әуе кемесі ұшады.

Бердимурат Баймухан