Әр түрлі

Жеңіс саябағына шырша көшеттері отырғызылды

Жеңіс саябағында шырша көшеттері егілді. Игі акцияны Ұлы Жеңістің 77 жылдығына орай ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті облыстық департаментінің қызметкерлері ұйымдастырды.

Қолдарына күрек, суқұйғыш ұстаған мамандар шаруаға білек сыбана кірісіп кетті. 1 сағаттың ішінде барлығы – 20 түп шырша егілді. Айта кетейік, мамандар осымен 2-ші жыл қатарынан Жеңіс саябағына көшет отырғызуда. Дәстүрге айналған шарапаты мол шара алдағы күндері де жалғасын таппақ. Бейінді ведомство қызметкерлері мамырдың 9-ына дейін аталған саябақта тағы 57 шыршаның көшетін егеді.

Азат Нұрсейітов, ҚР ҰҚК СҚО бойынша департаментінің қызметкері:
– Алдағы уақытта да көбірек шырша егіледі. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті облыстық департаментінің атынан соғыс ардагерлерін Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймыз.

Бердимурат Баймухан