Жалған ақпарат бергені үшін сотталды. Жыл басында Петропавлда ер адам Пушкин көшесіндегі үйлердің бірінде бомба бар деп жұртты дүрліктірді.
Бұл туралы ол жақын маңда орналасқан дәріхана қызметкерлеріне айтқан. Оқиға орнына шұғыл әрекет ету тобы жөнелтіліп, жарылғыш заттың жоқ екенін анықтайды. Жедел-іздестіру шарасы барысында жалған ақпарат таратқан ер адам қолға түсіп, оған қатысты іс сотқа жіберіледі. Мамырдың 3-і күні қалалық сот аталған фактіге қатысты үкім шығарды. Әзілі жараспаған жан енді өмірінің 1 жылын темір тордың ар жағында өткізеді.
Бердимурат Баймухан