ҰОС ардагерлеріне Ұлы Жеңіс күніне орай 1 млн теңгеден берілді

МТРА жаңалықтары

1:34 5 Мамыр 2022

Әлем тарихындағы ең сұрапыл, ең ауыр, ең қанды майданға Қазақстанның әрбір бесінші азаматы аттанды. Соғысқа аттанған 1 млн 200 мың отандасымыздың тең жартысы ерлікпен қаза тапты. 600-ден астам жауынгер тұтқыннан оралмады.

Руслан Сәкеев, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі
– Әскери қызметтері үшін жүздеген мың қазақстандық медальдармен, ордендермен марапатталды. 500-ге жуық адам Кеңес Одағының батыры атанды. 4 қазақстандық 2 рет батыр атанды. 110 отандасымыз 3 дәрежелі “Даңк” орденімен марапатталды. Қолына қару алған әрбір 2-ші қазақстандық жеңіс үшін жанын берді. Шайқаса қаза тапты, хабар-ошарсыз кетті.

Өкінішке қарай, жыл санап бейбіт күнді жақындатқан жандардың саны азайып барады. Биыл Ұлы Жеңістің 77 жылдығын небәрі 381 ардагер қарсы алады. Олардың 15-і – солтүстікқазақстандық. Сондықтан, қалған қарт майдангерге көзі тірісінде тиісті құрмет көрсетілуі тиіс.

Руслан Сәкеев, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі
– Жыл сайын ардагерлерге бір жолғы материалдық көмек көрсету дәстүрге айналды. Осыған орай Ұлы Жеңіс күні қарсаңында жергілікті атқарушы орган тарапынан сомасы 5 млрд 400 млн теңге көлемінде біржолғы көмек көрсету қарастырылған. Атап айтқанда азаматтардың мына санаттарына әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Яғни, осы санатқа кірген барлық азаматтарға мереке қарасаңында әлеуметтік көмек көрсетіледі. Нақтылай келгенде, биыл Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне біржолғы материалдық көмек ретінде 1 млн теңгеден беріледі.

Руслан Сәкеев, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі
– Бұрынғы концлагерьлердің кәмелетке толмаған тұтқындарына 100 мың теңгеден кем емес. Қоршаудағы Ленинград тұрғындарына және қаза тапқан жауынгерлердің жесірлеріне 60 мың теңгеден кем емес қаражат қарастырылған. Төлемдер барлық өңірде жүргізілуде. Бүгінде соғыс ардагерлерінің барлығы тиісті төлемдерін алды. Сондай-ақ, ардагерлерге мереке қарсаңында естелік сыйлықтар да табысталады.

Сондай-ақ, брифинг барысында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Руслан Сәкеев жыл сайын зейнетақы және өзге де әлеуметтік төлемдердің көлемі ұлғайып жатқандығын тілге тиек етті. Мәселен, бүгінде зейнетақыны ескере отырып, ай сайын алатын әлеуметтік төлемдердің орташа жиынтық мөлшері Ұлы Отан соғысы қатысушылары үшін 193 714 теңгені құрайды. Ал сұрапыл соғыста мүгедек атанған жандар ай сайын 201 мың теңге көлемінде зейнетақы алады.

Дана Ешкенова

Бұдан әрі оқыңыз

МТРА жаңалықтары 19.05.2022
Петропавлда «Taza Álem» жобасы аясында эко-акция өтті
РЕФЕРЕНДУМНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТҮСІНДІРІЛУДЕ
МТРА жаңалықтары 05.05.2022
Жол жағдайы – әкімдік жұмысының айнасы
МТРА жаңалықтары 20.05.2022
Әлихан Смайылов ЖЭО-ға жоспардан тыс тексеріс жүргізуді тапсырды
Айыртау ауданының әкімі есеп берді
«Радуга» серіктестігінде референдум жайлы айтылды
МТРА жаңалықтары 04.05.2022
МТРА жаңалықтары 06.05.2022
ҰОС ардагері Василий Сухомлинов 100 жасқа толды