Өңірде Отан қорғаушылар күніне орай 80-ге жуық полицей марапатталды

МТРА жаңалықтары

1:31 5 Мамыр 2022

Салтанатты жиын барысында алдымен облыстық полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов сөз сөйледі. Өңірдің бас тәртіп сақшысы Ұлы Отан соғысында жеңісті жақындатуға үлес қосқан ардагерлер мен қазір күні-түні қоғамның тыныштығын қамтамасыз етіп жүрген тәртіп сақшыларын келе жақтан қос мерекемен құттықтады.

Айдын Қабдұлдинов, СҚО ПД бастығы:
– Сіздерді қасиетті Ұлы жеңіс күнімен және Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын.

Бұдан кейін кезек марапаттарға берілді. Айдын Қабдұлдинов талап пен тәртіпті бәрінен биік қойып, елі үшін аянбай еңбек етіп жатқан білікті мамандарға облыс әкімінің Алғыс хатын табыс етті.

Қызметіне адал жандар қашанда мақтауға лайық. Мереке қарсаңында еңбегі еленгендердің бірі – Есіл аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Бейбіт Жұмағазин. Бүгін тәртіп сақшысының шені жоғарылады.

Бейбіт Жұмағазин, Есіл аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары:
– Мен Ішкі істер органында 94-ші жылдан бері жұмыс істеп келемін. Қызмет жолымды қарапайым инспектордан бастадым. Кейін 19 жыл бойы жедел қызмет бойынша еңбек еттім. Соңғы 2 жылда Есіл ауданы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары лауазымында еңбек етудемін. Аудан бойынша жетістіктер баршылық.

Жалпы, Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс мерекесінің қарсаңында
10-ға жуық маманның шені өсті.

Сәуле Андағұлова, СҚО ПД бастығының орынбасары:
– Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс мерекесінің 77 жылдығы қарсаңында облыстық полиция департаменті осындай салтанатты іс-шара ұймыдастырды. Біз соғыс ардагерлеріне және қазақстандықтарға мықты денсаулық тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.

Салтанатты жиында барлығы – 80 маманның еңбегі еленіп, түрлі марапаттар табысталды. Кейін шара соңы концертке ұласты.

Дана Ешкенова

Бұдан әрі оқыңыз

СҚО-да тағы бір ауылда өзгеше учаскелік полиция пункті ашылды
eGov.kz порталын пайдалану тәсілдері көрсетілді
Жергілікті университет ұжымы референдумға дайындалуда
МТРК жаңалықтары 24.05.2022
Петропавлда референдумды қолдау мақсатында концерт өтті
МТРК жаңалықтары 23.05.2022
“Бүгін” бағдарламасы 03.05.2022
Референдум-2022: М.Жұмабаев ауданындағы түсіндіру жұмыстары
МТРА жаңалықтары 11.05.2022
Халықаралық балалар күніне орай шара өтті
Теміржол саласының ардагерлері Конституцияға енгізілетін өзгерістерді талқылады
МТРА жаңалықтары 06.05.2022