Қазақстан полициясы күніне орай ардагерлерге құрмет көрсетілді

Әр түрлі

23:39 4 Мамыр 2022

Ерен еңбек еленді. Қазақстан полициясы күніне орай облыстық полиция департаментінің архивінде жиын өтті. Іс-шара барысында ішкі істер органдарында талай жыл қызмет атқарған ардагерлерге алғыс хаттар мен мерейтойлық медальдар табыс етілді.

 

Жаслан Есенбаев ішкі істер органдарына 85-ші жылы келіпті. Ал құрметті еңбек демалысына 2009 жылы шыққан екен. Бүгін азамат 24 жылдық ерең еңбегі үшін арнайы марапатқа ие болды. Сала ардагеріне “Қазақстан патриоты” мерекелік медалі мен алғыс ат табысталды.

Жаслан Есенбаев, ішкі істер органдарының ардагері:
– Ардагерлерді ұмытпай, Қазақстан полициясының 30 жылдығы қарсаңында марапаттап жатқандары, әрине, қуантады. Бұл біздің кезінде сіңірген еңбегіміздің ұмытылмағанын білдіреді. Ырза болып қалдық.

Жалпы, қазіргі таңда облыста 2360 зейнеткерді біріктіретін ішкі істер органдарының 20 бастауыш ұйымы бар. Оның 450-і – Ұлттық ұланның, қалғандары – полиция ардагерлері. Бүгінгі жиынға шақырылғандардың дені – сержанттар мен старшиналар. Олардың барлығына да сіңірген еңбектері үшін алғыс хат пен мерейтойлық медальдар табысталды.

Нұржан Күдеров, СҚО ПД аппараты ардагерлер кеңесі бастауыш ұйымының төрағасы:
– Бүгінгі жиынға 16 ардагер шақырылды. Олар ішкі істер органдарында 70-ші жылдардан 90-шы жылдарға дейін қызмет атқарған.

Жиын танымдық экскурсиямен жалғасты. Айта кету қажет, Қазақстан полициясы күні елімізде 23 маусымда аталып өтіледі.

Алдияр Айтпаев

Бұдан әрі оқыңыз

Беларусь аяқ киімдерінің жәрмеңкесі жалғасуда
Петропавл мен Сергеев су қоймаларына шабақ жіберіліп жатыр
Петропавлда облыстық “Тіл шебері” байқауы өтті
Дауылдың салдары
Ұлы Жеңіс күні қарсаңында соғыс ардагеріне құрмет көрсетілді
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің облыстық департаментінде ашық есік күні шарасы өтті
Петропавлда Беларусь аяқ киімдерінің жәрмеңкесі жазғыларымен толықты
Петропавлда Беларусь аяқ киімдерінің жәрмеңкесі жалғасуда
Кісі өлімімен болған көлік апатына қатысты тергеу жүріп жатыр
ПЕТРОВКА АУЫЛЫНДА ЖЕҢІС АЛЛЕЯСЫ АШЫЛДЫ
И.Шухов атындағы орталық қалалық кітапханада еске алу кеші өтті
Повозочное ауылының тұрғындары “AMANAT” партиясына жүгінді