Еркін күрестен Азия чемпионатының жүлдегері Нұрқожа Қайпанов Петропавлға келді

Спорт

23:38 4 Мамыр 2022

Еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов Петропавлға келді. Моңғолия астанасы Ұланбатырда өткен Азия чемпионатында күміс медаль еншілеген палуанды жерлестеріміз қарсы алды. Белді спортшы өңірде мамырдың 17-сіне дейін бір кездері өзі түлеп ұшқан мектепте жаттығу жасап, кезекті жарыстарына дайындалады.

 

Нұрқожа Қайпанов мінген пойыз 1-ші платформаға келіп тоқтады. Еркін күрес шеберін ізбасарлары мен мұндағы ет жақындары құшақ жая қарсы алды. Жиналған көпшілік арасында белді палуанның бапкері Аян Бейсембаев та бар. Еліміздің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Нұрқожаны осыдан 10 жыл бұрын қанатының астына алып, еркін күрес өнерінің қыр-сырын үйреткен. Төгілген тер жемісін берді. Қазір Аян Бейсембаев шәкіртінің әр жеңісіне қуанып, ортақтасып бірге жүр.

Аян Бейсембаев, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы:
– Бәрі ойдағыдай болып жатыр. Әр жарыста бір белестерді бағындырып жатыр. Азия чемпионатында екі рет топ жарды. Бұл Қазақсанда оңай нәрсе емес. Елімізде сары құрлық біріншілігін 3 рет жеңген Дәулет Ниязбеков ғана бар. Осы палуанның жетістігін қайталағысы келген. Бірақ, әлі де уақыт бар.

Нұрқожа Қайпанов әр Азия чемпионатынан кейін жыл сайын Петропавлға келуді дәстүрге айналдырған. Өткен жылы алтыннан алқа тағынып келген спортшы биыл сары құрлық бәсекесінде күмісті қанағат тұтты. Финалдық кездесуде белді палуан ирандық Йонес Алиакбармен кездесті. Өкіншке қарай, 2 де 5 есебімен жеңіс қарсылас еншісінде кеткен еді.

Нұрқожа Қайпанов, еркін күрестен Азия чемпионатының жүлдегері:
– Дайындық өте жақсы өтті. Сенімді болғам Азия чемпионы боламын деп. Бірақ, әр кезде жеңімпаз бола бермейміз ғой. Бір кезде бір саты төмен құлаймыз, бір кезде көтерілеміз. Оның бәріне шыдау керек. Бапкеріммен кеткен қателіктер бойынша жұмыс жасап еңбектенеміз. Ар жағын көре жатармыз. Одан кейін нақты не істейтінімді айта алмаймын.

Нұрқожа Қайпанов Петропавлда екі апта болады. Кейін боз кілем шебері Алматы қаласында жазға қарай өтетін рейтінгтік турнирде бақ сынайды.

Алдияр Айтпаев

Бұдан әрі оқыңыз

Петропавлда бокстан республикалық турнир бастау алды
Облыста “Қолжетімді спорт” жобасы іске асырылуда
Өңірдің панкратионшылары ел біріншілігінен жүлделі оралды
Петропавлдық “Qyzyljar” алматылық “Kairat”-пен тең ойнады
“Kuanish” ВК клубтық Азия чемпионатына қатысуда
Суда жүзуден облыс чемпионаты бастау алды
Қазақ күресінен өткен ІІМ-нің спартакиадасы қорытындыланды
Петровка ауылының тұсында ұлттық өнер ұлықталды
Мәдениет мекемелерінің қызметкерлері үстел теннисінен мықтыны анықтады
“Қолжетімді спорт” жобасы жалғасуда
Өңірде “Қайсар” әскери-патриоттық жобасы бастау алды
Түркияда 4 медаль бұйырды