Білім

Петропавлда робототехникадан облыстық олимпиада өтті

Менің роботым – менің досым! Осындай атаумен Петропавлда робототехникадан облыстық олимпиада өтті.

Білім бәйгесіне өңірдің 4 мектебінен жас конструкторлар мен бағдарламашылар қатысты. Ұл-қыздар аз уақыттың ішінде робототехника негіздерін меңгеріп, «RoboMission» категориясының кіші санатында бақтарын сынап көрді. Осылайша «Болашақ инноваторлар» шығармашылық номинациясында бірінші орынды Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары мен Қызылжар Абай орта мектебінің ұл-қыздары иеленді. Ал «RoboMission» аталымы бойынша Назарбаев Зияткерлік мектебінің командасы 3 алтын алқа және тағы сонша күміс медальді қанжығаларына байлады.

Дана Ешкенова