Аптадағы маңызды жаңалықтар

Қазақстанның 69 қаласында кәріз-тазарту жүйесін салу керек

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов кәріз-тазарту жүйесін салу мен жаңғырту жобаларын іске асыру және мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректерін цифрландыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың сөзінше бүгінгі таңда Қазақстанның 69 қаласында кәріз-тазарту жүйесін салу немесе реконструкциялау қажет. Тиісті жобаларды республикалық бюджет пен халықаралық ұйымдардың қаражаты есебінен қаржыландыру жоспарланып отыр. Инвестициялық тартымдылықты ескере отырып, жобаны 2028-ші жылға дейін іске асыру ұсынылды. Сонымен қатар, мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес инженерлік желілерді толық цифрландыру жоспарланған. Осы мақсатта табиғи монополиялар субъектілерінің инженерлік желілердің техникалық сипаттамалары мен бос қуаты туралы мәліметтерді міндетті түрде ұсынуы бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек.

Дана Ешкенова