МТРА жаңалықтары

Жүк көлігінің жүргізушісі 2 жылқы мен 6 қойды соғып кетті

Петропавлда жүк көлігінің жүргізушісі 2 жылқы мен 6 қойды соғып кетті.
Жануарлар бақташы бағып жүрген малдан бөлініп кеткен.

Жылқы мен қой сол жерде мерт болды. 55 жастағы ер адам басқарған «КамАз» көлігіне механикалық зақым келген. Аталған факті бойынша әкімшілік материал жиналды. Жалпы, жыл басынан бері облыста жануарлардың қатысуымен 4 жол-көлік оқиғасы тіркелді.

Дана Ешкенова