Ұлы Жеңіс күніне орай ардагерлерге бірреттік төлем беріледі

МТРА жаңалықтары

2:13 28 Сәуір 2022

Қазіргі таңда Ұлы Отан соғысына қатысқан 15 солтүстікқазақстандықтың көзі тірі. Ардагерлердің 13-і – облыс орталығында, қалған екеуі Тайынша мен Есіл ауданында тұрады екен. Биыл бұл жандарға өткен жылдағыдай 1 млн теңге көлемінде бір жолғы төлем берілмек. 41 мен 45-ші жылдардағы қантөгісте жарларынан айырылған нәзікжандылар да назарсыз қалмайды. Оларға 30 мың теңгеден табысталады.

Ескендір Елеусізов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы

– Соғыс ардагерлерімен қатар Ауған соғысына, Тәжік-Ауған шекарасындағы қақтығысқа қатысқан жандарға да бір мезгілдік жәрдемақы беріледі. 30 мың теңге көлемінде.

30 мың теңгені 4 мыңнан астам солтүстікқазақстандық тыл еңбеккері де алады. Яғни, Ұлы Отан соғысы жылдары күн-түн демей тер төккендер мен 5-6 жасында алқапта масақ теріп, ерте еңбекке араласқандар. Айта кету қажет, биыл 9-шы мамыр күні шеру болмайды. Бірақ, одан өзге іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Ескендір Елеусізов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы

– Мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылады. Сол жерде облыс әкімі құттықтау сөз айтады. 9 мамыр күні соғыс ардагерлерінің үйлеріне барамыз. Ол кісілердің жүріп-тұруы қиын болғандықтан алаңға немесе басқа жерге апара алмаймыз. Сол себепті, сол кісілердің үйіне барып, концерттік бағдарламамызды ұсынамыз.

Бір реттік төлемнің қашан және қайда түсетінін айта кетейік. Қаржылай қолдау ардагерлердің зейнетақы шотына мамыр айының ішінде аударылады.

Алдияр Айтпаев

Бұдан әрі оқыңыз

Мамырдың 1-інен “Аттракциондар әлемі” толық қуатта жұмыс істейді
Мал шаруашылығын дамыту
80 мыңға тарта қызылжарлық қоқыс төгуге құлықсыз
Бюллетень неден тұрады?
Жастармен жемқорлық мәселесі талқыланды
“Бүгін” бағдарламасы 25.04.2022
Петропавлда есірткі сату фактілері анықталды
Облыс халқын қауіпсіз өніммен қамтамасыз ету – басты назарда
Заңды бұзған аңшыға қомақты айыппұл салынады
Ақжар ауданының әкімі өткен жылы атқарған жұмысын қорытындылады
Өңірде интернет-алаяқтық тыйылмай тұр
“Қызылжар су” серіктестігінің басшылығы өткен жылды қорытындылады