Кенелерді улау жұмыстары жүргізілуде

МТРА жаңалықтары

2:16 28 Сәуір 2022

Таңғы сағат 8 шамасы. Қаладағы саябақ ішінде үстеріне қорғаныш костюмін киіп алған дезинсекторлар жүр. Олар «Dimigran» деп аталатын аппараттың көмегімен жерге арнайы дәрі шашуда. Осылайша шөп арасында жасырынған кенелерді улап жатыр. Айтуларынша, бұл – қансорғыштармен күресудің ең тиімді әдісі. Шаруа таңғы 4-тен басталған.

Гүлмира Қадырменова, «TopDez» ЖК өкілі:

– Біз «ыстық тұман» аппаратымен жұмыс істейміз. Бұл үлкен аумақтарды өңідеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, аккумулятордың көмегімен іске қосылатын бүріккіштер бар. Шаруаны тымық ауа райында жүргіземіз.

Қазір қалалық саябақта 2 бригада жұмыс істеп жатыр. Әрқайсысында 4 адамнан бар. Қызметкерлер дезинсекцияны шаһардың орталығынан бөлек шеткері аудандар мен елді мекендерде де жүргізеді.

Әсем Айтулова, қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз хатшысы:

– Сәуір айының ортасынан бастап қала бойынша дезинсекция жұмыстары басталды. Бүгінге дейін 76 гектар жерге препарат себілді.

Дезинсекциялық жұмыстар қыркүйек айына дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында мамандар 700 гектар аумақты қансорғыштардан тазаламақ ниетте. Ал мамыр мен маусым айларында масаларды улау жұмыстары жүргізіледі.

Бердимурат Баймухан

Бұдан әрі оқыңыз

“7+7” Ақпараттық бағдарламасы 14.05.2022
Аққайың ауылдық округіне жаңа әкім сайланды
ДІНИ МАЗМҰНДАҒЫ МАТЕРИАЛ ЖАРИЯЛАҒАНДАР ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ
Айыртауға сапар
Ақжар ауданының әкімі өткен жылы атқарған жұмысын қорытындылады
Зарқын Тайшыбайдың 80 жасқа толуына арналған іс-шара өтті
ҚХА сессиясына қатысқан жерлестеріміз өз пікірін білдірді
Қаладағы көшелерде қозғалыс шектелмек
Петропавлда жетімдер баспана кезегінен шығарылып тасталған
Балалардан құралған қос өнер ұжымы есептік концерт өткізді
“Бүгін” бағдарламасы 25.04.2022
“Электрондық еңбек биржасы” порталындағы өзгерістер