Білім

Инклюзивті білім беру бағдарламасының іске асырылуы

Өңірде инклюзивті білім беру бағдарламасының іске асырылуы. Бүгін жергілікті “Өрлеу” орталығының мамандары осы тақырыпты кеңінен талқылау үшін республикалық workshop шарасын ұйымдастырды.

Жиынға облыстық, қалалық және аудандық білім бөлімдерінің басшылары мен Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының мамандары қатысты. Іс-шара барысында өңір мектептерінде инклюзивті білім беру бағдарламасын іс жүзінде жүзеге асыру үшін арнайы білікті кадрлардың жетіспейтіндігі туралы айтылды. Сондай-ақ, білім беру ұйымдарын осы бағдарламаға сай материалдық-техникалық тұрғыда жабдықтау қажет дейді мамандар.

Әсем Ахметова, “Өрлеу” БАҰО” АҚФ “СҚО ПҚ БАИ” филиалының аға оқытушысы

– Аталған іс-шараның мақсаты – инклюзивті білім беру жүйесін құру. Басқарудың тиімді жүйесін оңтауландыру.

Дана Ешкенова