МТРА жаңалықтары

Ауыл шаруашылығындағы шығын көлемі азаймақ

Ауыл шаруашылығындағы шығын көлемі азаймақ. 2026-шы жылға қарай елімізде аталған саладағы цифрлық технологиялардың отандық нарығына бағытталатын қаражат 108 миллиард теңгеге жетуі мүмкін.

Осының арқасында 4 жылда өнімділік 35-40% артады. Ал тыңайтқыштар шығыны – 30-50%, өсімдіктерді қорғауға арналған химиялық өнімдерге жұмсалатын қаражат 25-35% қысқарады. Қаржылық шығындарды азайту мен өнімділікті арттырудан басқа, топырақтың агрофизикалық және агрохимиялық қасиеттерін теңестіру мәселелерін шешу де жоспарланған екен. Сондай-ақ бейінді министрлікте 2023-2025 жылдар аралығында мүмкіндіктері бойынша шетелдік аналогтардан еш кем түспейтін жабдықтар шығару көзделіп отырғандығы айтылды. Әңгіме техника мен жұмысшы және үй жануарларын қадағалау жүйесіне арналған аппарат жайлы болып отыр.

Алдияр Айтпаев