Спорт

“Kuanish” ВК клубтық Азия чемпионатына қатысуда

Осы күндері солтүстікқазақстандық “Kuanish” волейбол клубы Азия чемпионатына қатысып жатыр. Семей қаласында жалауын желбіреткен додада Қазақстан, Қырғызстан, Таиланд, Өзбекстан және Иран елдерінің үздік деген 6 командасы бақ сынауда.

Жарыс басталғалы жергілікті бұрымдылар 3 кездесу өткізіп үлгерді. Алғашқы ойында қыздарымыз өскемендік “Аltay”-ға есе жіберді. Ал екінші және үшінші матчта петропавлдықтар қарсыластарынан басым түстім. Алдымен теріскейліктер – тайландтық, ал кеше қырғызстандық волейболшыларды айқын басымдықпен ұтты. Ендігі қарсылас – өзбекстандық ұжым. Әйелдер арасындағы клубтық Азия чемпионаты мамырдың 1-і күні мәресіне жетеді.

Байболат Култанов