Жұмыртқа өндіруге берілетін субсидия 2 есеге артады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінде айтылды.
Демеуқаржы көлемі бір жұмыртқаға 3 теңгені құрамақ. Субсидия көлемін арттыруда құс фабрикасының қуаттылығы есепке алынбайды. Меже барлығы үшін бірдей. Бұл бағытқа 6,5 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр. Бұл шара ішкі нарықтағы тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін және отандық құс фабрикаларын қолдау мақсатында қолға алынғалы отыр. Жалпы, елімізде барлығы – 63 құс фабрикасы бар екен. Оның 34-і жұмыртқа өндірісіне бағытталса, қалғаны ет өндіру бағытында жұмыс істейді. Өткен жылы қазақстандық құс фабрикалары 267 мың тоннаға жуық ұша өндірген. Ал жыл бойы шығарылған жұмыртқа көлемі – 3,5 млрд дана. Құс етін өндірудің нәтижесінде импорттың үлесі 45-тен 39,5 пайызға дейін азайған. Ал ішкі нарықты жұмыртқамен қамту деңгейі 98 пайызды құрап отыр.
Данаш Хамзина